Фото: Мектепке дейінгі білім министрлігі
Өзбекстан Мектепке дейінгі білім министрлігінің хабарлауынша, балабақшаға айналатын ISUZU HC 40 автобусы күннен қуат алатын батареямен жабдықталған. Ішінде желдеткіш, әжетхана, ыстық және суық су жүйесі, тамақ жылытуға арналған асхана бар.
Бір топта 30-ға жуық бала оқиды. Сабақ үш сағатқа созылады. Шұғыл топ күніне үш ауысымда, аптасына алты күн жұмыс істеуі мүмкін.
Олар оқу жылын 2 қыркүйекте бастап, келесі жылы 31 мамырда аяқтайды.
Мемлекеттің мектепке дейінгі білім беру қызметі халыққа тегін ұсынылады.
Министрлік мәліметінше, былтыр өңірлерде 49 балабақша-автобус жұмыс істеген.