Коронавирус • 06 Тамыз, 2021

Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталғанын айтты

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте коронавирустың төртінші толқыны басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап

Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталғанын айтты

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас санитарлық дәрігер қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың өте шиеленісті екенін айтты. 28 шілдеден бастап күніне 1500-ден астам адам анықталып жатыр. Науқастардың 90%-ы «дельта» штамын жұқтырған, дәрігерлер «британдық» және «ухань» штамдарын аракідік анықталатынын айтады.

Қалада коронавирустың төртінші толқыны басталды. Толқынның шыңы тамыз айының ортасына сай келеді деп күтіледі.

Бекшин аурудың таралуы «дельта» штамының жоғары жұқпалы болуына, сондай-ақ халықтың шектеу шараларын сақтамауына байланысты екенін айтты, яғни адамдар бетперде тақпайды, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Ол алматылықтарды карантинді сақтауға, сондай-ақ екпе алуға шақырды.