Коронавирус • 06 Тамыз, 2021

Жетісуда жарты миллионнан астам адам вакцина салдырды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемия бастағалы бері Алматы облысында  коронавирустың зертханалық тексеру арқылы расталған 33 959 жағдайы тіркелді. Ал соңғы тәулікте 300 адам індет жұқтырғаны анықталып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Жетісуда жарты миллионнан астам адам вакцина салдырды

Аймақ бойынша жұқпалы індеттің таралу қарқыны соңғы 2 аптада 0,8 пайыздан 1,0 пайызға дейін артты. Талдау бойынша Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында вирус жұқтырғандардың артқаны байқалады.

Анықталған 300 жағдайдың 49-ы - 14 жасқа дейінгі балалар. Сондай-ақ, 30 оқушы мен 3 студенттің де коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Сонымен қатар өңірге жыл басынан бері вакцинаның бірінші компонентінің 634 255 дозасы келіп түсті, оның ішінде - Гам ковидак – 553 745, Хayat Vax - 39 500, QazVac - 13 010, Коронавак - 28 000 доза. Ал екпе алушылар қатары апта сайын өсіп келе жатқаны байқалған.

Дерек бойынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 572 169 адам егілді, екіншісі екпе алғандар саны – 425 171. Вакциналанғандар арасында мемлекеттік қызметкерлердің үлесі – 11 943 адам, медицина қызметкерлерінің саны – 23 406 адам, педагогтар қатары 38 357 адам және басқа салада қызмет етушілер саны 447 425 адам болса, дәрігердің мұқият тексеруінен кейін екпе салдыруға рұқсат берілген созылмалы аурулары бар 4486 адам вакцина паспортын алған. Осылайша, Жетісуда екпе алғандар саны жарты миллион адамнан асты.