Аймақтар • 06 Тамыз, 2021

Алексей Цой Атырау облысындағы ауылдық ауруханаға барды

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мақат аудандық ауруханасына, Бәйгітөбе ауылындағы фельдшерлік-акушерлік бекетіне барды, деп жазады Egemen.kz.

Алексей Цой Атырау облысындағы ауылдық ауруханаға барды

Аудандық аурухана директоры Асулан Абдрахманов коронавирус инфекциясының таралуын тежеуге қатысты жасалып жатқан жұмыстарды баяндады. Содан соң министрге ауылдық фельдшерлік-акушерлік бекетіндегі жабдықтар көрсетілді.

«Еліміздің барлық ауылдық медицина мекемелері дәл осы ауылдағыдай жабдықтармен қамтылмаған. Мұндағы медициналық жабдықтардың басым бөлігі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Ал жетіспейтін жабдықтар болса, өз тарапымыздан жабдықтауға көмектесеміз», деді Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрі облыс орталығындағы бірнеше медициналық мекеменің жұмысымен танысады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35