Аймақтар • 06 Тамыз, 2021

Атырауда вирустың таралуына халықтың сақтық шараларын сақтамауы ықпал етті - А.Цой

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

А.Цой Атырау облысындағы эпидемиологиялық ахуал жөніндегі өңірлік штаб отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда вирустың таралуына халықтың сақтық шараларын сақтамауы ықпал етті - А.Цой

Фото: баспасөз қызметі

Атырау облысында инфекциялық стационарлардағы төсек орын жүктемесінің өсуі байқалады.

Өңірде 16 стационар бар, оның жетеуі аудандарда, тоғызы Атырау қаласында орналасқан. Қаланың төсек-орын қорында анық жүктеме бар, алты стационардың төртеуінде жүктеме 97%-ды, жалпы Атырауда инфекциялық төсек орын 60%-ды, реанимациялық төсектер-67%-ды құрайды, әрі қарай өсу үрдісі байқалады.

«Бұл жағдай үлкен алаңдаушылық туғызады, өйткені бұл төсек қорының жетіспеушілігіне және тиісінше халық үшін стационарлық көмекке қолжетімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін», деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният.

ҚР ДСМ жұмыс тобы Атырау қаласының 5 емханасында, екі жеке емханада және екі аудандық ауруханада көшпелі мониторинг жүргізді. Мобильдік бригадалар санының жеткіліксіздігі, КМАЖ-ға шақыртулардың уақтылы енгізілмеуі атап өтілді, бұл өз кезегінде бір мобильдік бригаданың нақты жүктемесін көрсетпейді. Мобильдік бригададағы дәрігерлердің учаскелік қабылдаудағы жұмысты қатар алып жүруі де анықталды, бұл санэпид режимге қайшы келеді.

Барлық медициналық ұйымда науқастарды амбулаториялық бақылау мониторингі тиісті деңгейде жүргізілмейді, чек-парақтар сапасыз жүргізіледі, КВИ емдеудегі клиникалық хаттамалардың сақталмауы және КВИ анықталған егде жастағы науқастарды бақылау кезінде дәрігер тарапынан қырағылықтың төмендігі байқалды.

А.Цойдың пікірінше, Атырау облысында коронавирустың таралуына халықтың инфекциялық сақтықтың шараларын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақталмауы ықпал етті.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасына шұғыл түрде орындалуға тиіс бірқатар ұсыныс берілді.