TOKYO2020 • 08 Тамыз, 2021

Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаевқа Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан ерлер арасында аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне медальдар табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаевқа Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды

91 келіден жоғары салмақта Қазақстан құрамасының мүшесі Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлдеге ие болды. Баходир Жалолов (Өзбекстан) Олимпиада чемпионы атанса, АҚШ спортшысы Ричард Торрез екінші орынды қанағат тұтты.

Дәл осы салмақ бойынша екінші қола жүлдені Ұлыбритания боксшысы Фрейзер Кларк иеленді.