Аймақтар • 08 Тамыз, 2021

Атырауда аудан тұрғындарына 80 пәтер берілді

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде 80 пәтерлік үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда аудан тұрғындарына 80 пәтер берілді

Жаңа тұрғын үй «Көктем» шағын ауданында бой көтерген.

«Индер ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Қазір мұнда «Нұрлы жер» бағдарламасыменкөпқабатты 7 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл үйлерден 432 отбасы   пәтер алады. Бүгін 80 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа баспана – тұрғындарға ел тәуелсіздігінің 30 қарсаңындағы ерекше сый» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Ауданда тұрғын үй кезегінде 1 459 адам тұр. Ал, жаңа баспана кілті көп балалы 40 отбасы, әлемуттік тұрмысы төмен 24, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 16 адамға тапсырылды. Соның қатарында көп балалы ана Лариса Хайрошева да бар.

«Менің отбасым бұл күнді ұзақ күтті. Осы кезге дейін баспанаға мұқтаж болған едік. Енді міне, жаңа пәтер алғанымызға отбасымызбен қуанып тұрмыз. Әсіресе, балаларымыздыі қуанышында шек жоқ» дейді Лариса Хайрошева.