Экономика • 09 Тамыз, 2021

Тері экспортынан табыс тапты

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың бес айында отандық иленген былғары мен ірі қара малдың терісінен жасалған былғары крастын сатудан түскен экспорттық түсім 2,4 млн долларға жетті. Бұл – өткен жылдың көрсеткішінен 73,3 пайызға жоғары.

Тері экспортынан табыс тапты

Индустрия және инфрақұрылым­дық даму министрлігіне қарасты QazIn­dustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы мамандарының айтуынша, былғары илеу және өң­деу кәсіпорындары еліміздің 11 өңі­рінде орналасқан. Бұл саладағы кәсіп­орындардың көбі Шымкент қаласында шоғырланған – 7 кәсіпорын.

Сондай-ақ өндірушілер Алматы, Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шы­ғыс Қазақстан облыстарында және респуб­ликалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Ал­маты қалаларында да бар.

Бүгінгі таңда Қазақстанда былғары илеумен бір орта кәсіпорын (Алматы былғары зауыты – Almaty Tannery ЖШС) және 27 шағын кәсіпорын («Каз­ИталКожа», Semey Tannery, «Ка­зах­ЛидерМех», «Петропавл был­ға­ры зауыты», «Тараз Былғары зауыты», Turan Skin, «Кәмшат-Әсел» жауап­кер­гілігі шектеулі серіктестері және бас­қалар) айналысады.

Ірі қара мал терісінен жасалған был­ғары өндірісінің көлемі 2021 жылдың 6 айында 54 млн шаршы дециметрді құрады. Көрсеткіш – өткен жылмен са­лыстырғанда 15,2 пайызға жоғары.

Ішкі нарықта отандық былғары­ны аз мөлшерде аяқкиім өнімдерін (не­гізінен әскери және арнайы аяқкиім үшін) және былғарыдан жасалған та­уарларды (сөмкелер, белдіктер) өн­ді­ру­шілер са­тып алады. Қалғаны экс­порт­­талады.

Қазақстандық терінің негізгі сатып алушылары қатарында Қытай, Үндістан, Италия, Түркия, Украина және Испания секілді елдер бар.