Қала қауіпсіздігі үшін Іле Алатауының құзар биіктіктеріндегі мұздан пайда болған көлдерді ара-тұра тексеріп тұруға тура келеді. Сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы мұндай тірліктерге құзырлы мекемелерден бөлек, қала билігі де мүдделі.

Сонымен таяуда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тікұшақпен қасына «Қазселденқорғау» ММ-нің төрағасы К.Көкірекбаев пен қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен мамандарын алып, құзар биіктіктерде жатқан көлдердің жағдайын барып көрді. Моренді көлдердің, сондай-ақ Ақсай, Қарғалы және Үлкен Алматы өзендері бассейндерінің жағдайына баға берілді. Жалпы, Алматы маңында 45 мұзды көл бар, оның жетеуінде биыл превентивті жұмыстар жүріп жатыр.
Себебі, ауа райының өзгеруіне байланысты мұздықтар еріп жатыр. Қауіпті жеті көлдегі судың жалпы көлемі 1 миллион текше метрді құрайды, яғни қауіпсіз деңгейге сәйкес. Сел қаупі кезеңі басталғалы бері 1,6 млн текше метр ағызылды.
Моренді көлдердің жағдайы 9 тұрақты қоныстанған және 10 маусымдық гидробекеттерден бақыланады. Алматы әкімдігінің қолдауымен олар тұрғын модульдермен, тіршілікке қажет жабдықтармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген.
Тікұшақпен тексеру нәтижесінде көлдердегі судың қауіпті деңгейге жетпейтіні анықталды. Моренді көлдер мен таулы өзендердегі жағдай тұрақты. Қаланың жауапты мекемелері шаһар тұрғындарының сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарын жалғастыра береді.
Осы арада қаланың сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жүйелі түрде шешіліп жатқанын да айта кету керек. Мәселен, Ақсай мен Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде екі сел бөгетінің құрылысы басталды. Бұл гидротехникалық құрылыстар 3 мыңға жуық нысанды және 40 мыңнан астам қала тұрғындарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар қалалық ТЖД сел қаупін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жобасын жүзеге асырып жатыр. Бірінші кезеңде Үлкен және Кіші Алматы өзендеріне 10 станса орнатылды. Тағы 21 станса екінші кезеңде қойылады. Жүйе таулы өзендердегі жағдайға 10 параметрге дейін автоматты түрде мониторинг жүргізеді, оның ішінде су деңгейі, ауа мен су температурасы, топырақтың ылғалдылығы, жауын-шашынның қарқындылығы және селді анықтау да тексеріледі.
Таулардың төбесіне тікұшақпен жеткен Алматының әкімі таудың қауіпсіздігін, тау лашықтарын, бақылау-құтқару пункттерін, Тұйық-Су альпинистік лагерінде тікұшақ алаңын жасау жобаларын тексеріп шықты.
АЛМАТЫ
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар