Әлем • 09 Тамыз, 2021

Түркиядағы орман өрті: Қызыл жалынның беті қайтты

703 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Түркияның ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли айтты, деп хабарлайды Egemen.kz  Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркиядағы орман өрті: Қызыл жалынның беті қайтты

Пакдемирли Мугла провинциясында өткен брифингте Мугладағы жағдай жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Муглада 16 орман өрті болды. Оны сөндіру үшін алты ұшақ, 39 тікұшақ, 630 жаңбырлатқыш, 128 экскаватор және 3600 мамандандырылған қызмет тартылды.

Министр табиғи апат салдарынан өртеніп кеткен аумақтар басқа мақсатта пайдалануға берілмейтінін және қалпына келтірілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, Пакдемирли Түркияның қазіргі уақытта орман өрті өршіп тұрған Грекияға көмектесуге дайын екенін айтты. Министрдің айтуынша, Түркия билігі көрші елге өрт сөндіру ұшақтарын жіберуді қарастырып жатыр.

«Бірінші жағдайды сараптаймыз. Түркиядағы орман өртін жойған соң, мүмкіндік болса, Грецияға көмек көрсетеміз», деді ол.