Экология • 09 Тамыз, 2021

Арыс станциясындағы ауа сапасы тексерілді

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс теміржол станциясында сары фосфор тиелген контейнердің жануына байланысты қаладағы атмосфералық ауа сапасына тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Арыс станциясындағы ауа сапасы тексерілді

«6 тамыз күні сағат 17:20-да Арыс станциясының платформасында сары фосфоры бар жүктің жануына байланысты «Қазгидромет» РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының мониторинг зертханасы, жоспардан тыс іріктеу және атмосфералық ауа сынамаларын анализдеу үшін Арыс қаласына барды», делінген хабарламада.

Өрт шыққан Наурыз шағынауданы қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Қала тұрғындарының саны 1700 адамды құрайды. Ластаушы заттардың шоғырлануы келесі химиялық қосылыстар бойынша өлшенді: қалқыма заттар, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, күкіртті сутек, формальдегид және аммиак.

Өлшеу 6 нүктеде жүргізілді. Олар:

№1 нүкте: Қазыбек би көшесі, Орталық алаң (т/ж вокзалы ауданында).

№ 2 нүкте: Өркендеу к-сі, Наурыз ш/а, іріктеу уақыты 14:15.

№ 3 нүкте: Қаланың солтүстік бөлігі.

№ 4 нүкте: Е.Молдабаев атындағы орта мектеп., Мадалиев к-сі.

№ 5 нүкте: орталық аудандық аурухананың жаны, Жұмабаев к-сі.

№ 6 нүкте: аудан әкімдігінің жаны, Еркобек к-сі.

«Зерттеу нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кету анықталған жоқ. Радиациялық фонның деңгейі норма шегінде», дейді синоптиктер.

Сары фосфор – өте улы (ауадағы ШРК 0,0005 мг/м3), спецификалық сарымсақ иісті зат. Суда ерімейді, ауада тез тотығады және фосфор оксидінің ақ түтінін түзіп, өздігінен жанады.