Қазақстан • 09 Тамыз, 2021

Белгілі журналист Қалыбек Атжан өмірден өтті

755 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі журналист, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Қалыбек Атжан 67 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі журналист Қалыбек Атжан өмірден өтті

Қалыбек Атжан 1954 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді.

Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінен бастаған ол 40 жылға жуық уақыт телерадио саласында қызмет атқарды.

Қазақ радиосында аға редактор, «Хабар» агенттігінің тілшісі, «Қазақстан» РТРК АҚ-ның Шымкент, Тараз филиалдарының директоры, Qazaqstan Ұлттық Телеарнасының аймақтағы тілшілер қосынының жетекшісі болды.

«КСРО телевизиясы мен радиосының үздігі», Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Қазақстанның Мәдениет қайраткері.