Қазақстан • 09 Тамыз, 2021

Қару сақтаудың тәртібі қатаң

818 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика аумағында тұратын әрбір қару иесі қару-жарақты заңмен белгіленген тәртіппен сақтауы тиіс, деп жазады Egemen.kz.

Қару сақтаудың тәртібі қатаң

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

Қару мен оқ-дәрілерге бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу қажет. Олар құлыппен жабылатын сейфтерде немесе металл шкафтарда, беріктігі жоғары материалдардан жасалған жәшіктерде, темірмен қапталған ағаш жәшіктерде болуы тиіс. Сейфті, шкафты немесе қару сақтауға арналған жәшікті еденге немесе қабырғаға бекіту керек. Үй-жайды күзет сигнализациясымен жабдықтау қажет.

Тасымалдау кезінде қару оқталмаған және футлярға, қапқа буып-түйілуі тиіс. Ал патрондар патронникке, немесе барабанға жіберілмей, қарумен біртығынға буып-түйілуі қажет.

Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде қарудың иесі тіркелген жері бойынша ІІО қаруды есептен шығару туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Ал жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ол қаруды есепке қою үшін 10 күн ішінде ІІО жүгінуге міндетті.

Азаматтарға табылған қаруды сақтауға, пайдалануға тыйым салынады. Мұндай қаруды дереу ішкі істер органдарына тапсыру қажет. Қару мен оқ-дәрілердің айналымы тәртібін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жекелеген жағдайда оларға 1 жыл мерзімге қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттардың күшін жою, сондай-ақ қаруды тәркілеу қарастырылады.