Технология • 09 Тамыз, 2021

Apple қолданушылардың галереясын тексеруі мүмкін

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Джонс Хопкинс университетінің криптография профессоры Мэттью Гриннің айтуынша, Apple фотосуреттерде балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтайтын алгоритмді іске қосуға дайындалып жатыр, деп жазады Egemen.kz lifehacker.ru-ға сілтеме жасап.

Apple қолданушылардың галереясын тексеруі мүмкін

Ол қолданушы өз құрылғысындағы фотосуреттерді автоматты түрде талдап, балаларға жасалған қатыгездік белгілерін іздейді. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл заңсыз контентті анықтай алатын нейрондық желі.

Пайдаланушылардың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін барлық сараптаманы жасанды интеллект жүргізеді. Кейін оның тапқан «заңсыз контентін» адамдар тексереді.

Дегенмен, Грин жүйеде мүмкін болатын бірқатар проблемаларды атап өтті. Қазіргі алгоритм мінсіз емес және Apple Үкіметке аталған дерекқорға кіруге рұқсат берсе, олар бұл жүйені басқа мақсаттарда, атап айтқанда, саяси оппозицияны бақылау үшін де қолдануы мүмкін.

Apple алгоритмді жақын күндері жариялауға дайындалып жатыр.