Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институты жабылу алдында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: pixabay.com
«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты Бас лицензиясынан айырылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті жүргізген қайта тексеру нәтижесі осындай», деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін университетте тексеру жүргізіп, нәтижесінде Комитет қызметкерлері түрлі заң бұзушылықтарды анықтаған. Оқу орнына барлық сәйкессіздіктерді жоюға уақыт берілді.
«Алайда, университет оны білім беру қызметінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмыстарды жүргізудің орнына, сот ісін жүргізуге және ҚР Білім және ғылым министрлігі комитетінің әрекеттеріне шағымдануға жұмсады», деп жазылған хабарламада.
«Біз тексерістерді елдегі білім мен кадр сапасын жақсарту үшін жүргізетінімізді түсіну маңызды. Сонымен бірге біз жоғары оқу орындарын лицензиядан бірден айырмаймыз. Кемшіліктерді жоюға уақыт береміз. Бірақ олар мұны істемеді. Осыған байланысты біз кейінірек қатаң шара қабылдауға мәжбүр болдық. Университеттердің оқу жағдайын, білім беру бағдарламаларын және тұтастай алғанда студенттерге белгілі бір мамандықтарды үйрету тәсілін жақсартуын қамтамасыз ету маңызды. Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтына келетін болсақ, соңғы тексеру ағымдағы жылдың маусымында жүргізілген. Бұзушылықтар жойылған жоқ. Біз материалдық-техникалық базаның әлсіздігі мен оқу процесін ұйымдастырудағы елеулі кемшіліктер туралы айтып отырмыз. Кейбір пәндерді тиісті білімі мен ғылыми дәрежесі жоқ оқытушылар жүргізген. Оқу процесі мерзімінен бұрын аяқталып, студенттер білім беру бағдарламаларын толық меңгере алмаған. Қазіргі кезде қалыптасқан тәжірибе бойынша, институт біздің лицензияны қайтарып алу туралы шешімімізге қарсы шығуға тырысуда», дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.
Оқу орны жабылған жағдайда студенттер басқа оқу орындарына ауыса алады.
«Біз абитуриенттер мен ата-аналарды жоғары оқу орнына тапсыру кезінде байыпты болуға шақырамыз. Берілген білімнің сапасын, жұмысқа орналасу перспективасын, университеттің беделі мен рейтингін ескеру қажет. Жоғары оқу орындарының рейтингін ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Атамекен» ҚР АЭС жүргізеді», деп жазылған хабарламада.
Перуде автобус жардан құлап, 11 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:17
Шымкентте BeeTV 80 челленджер турнирі басталды
Теннис • Бүгін, 11:03
Елімізде 571 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:58
Вакцина салдырғандар саны жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 10:42
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 8 медаль еншіледі
Білім • Бүгін, 10:33
Түркістан облысында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:12
Елордада каратэден Азия чемпионатының үздіктері анықталды
Елорда • Бүгін, 10:02
Каспий жағалауынан 64 итбалықтың өлексесі табылды
Экология • Бүгін, 09:52
Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Павлодарда 1,5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 09:36
Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды
Қоғам • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:17
Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды
Өнер • Бүгін, 09:16
Бақанаста Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Бүгін, 09:15
Бокс • Бүгін, 09:12
Халықаралық турнирлерде топ жарды
Теннис • Бүгін, 09:10
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Спорт • Бүгін, 09:07
Қоғам • Бүгін, 09:05
Қоғам • Бүгін, 09:02
Биыл 550 шақырым темір жол күрделі жөндеуден өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:01
Спорт • Бүгін, 09:00
Тегераннан жақсы жаңалық күтеміз
Спорт • Бүгін, 08:59
Шабуылшы азусыз, қорғаушы қауқарсыз болса...
Хоккей • Бүгін, 08:58
Спорт • Бүгін, 08:57
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:54
Ағаштарға қауіпті бактерияны анықтайды
Ғылым • Бүгін, 08:52
Сүйекті алмастыратын материал жасалды
Ғылым • Бүгін, 08:50
Оңалту орталығының оңтайлы әдістері
Қоғам • Бүгін, 08:49
Білім • Бүгін, 08:47
Тоғыз жолдың торабында тозған вокзал
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Экономика • Бүгін, 08:40
Әлем • Бүгін, 08:39
Халық пікірін айқындайтын ауқымды іс-шара
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Референдум-2022 • Бүгін, 08:28
Референдум-2022 • Бүгін, 08:25
Ұқсас жаңалықтар