Саясат • 10 Тамыз, 2021

Медиация институтына – 5 жыл

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация институты 5 жылдығын атап өтуде. Сондай-ақ биыл Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданғанына 10 жыл толып отыр.

Медиация институтына – 5 жыл

Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық медиаторлар институтын қалыптастыру және дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде және 5 жыл ішінде белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізілді. Айта кетейік, республикада 20 Медиация кеңесі құрылған. Тек республикалық Медиация кеңесі өзара ынтымақтастық туралы 20-дан астам (оның ішінде ҚР Жоғарғы соты­мен, ҚР Судьялар одағымен, Ресей Фе­дера­ция­­сының «Федералдық Медиация инс­титу­ты­­­мен», Ресей Федерациясының Ұлт­тық ме­диа­­­­тор­лар ұйымымен, ҚР Ұлттық ден­саулық сақ­­­­тау па­латасымен, «Атамекен» ҰКП-мен, Рес­­пуб­­­ли­калық адвокаттар алқасы­мен, Респуб­ли­­­ка­лық нотариаттық палатамен, ҚР Адам құ­қық­­­тары жөніндегі уәкілмен және «Тұран-Астана» университетімен) меморандумға қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен барлық өңірлерде медиация кабинеттері ашылып, «Қоғамдық келісім» КММ штатына медиация мәселелері бойынша үйлестірушілер қабылданды.

Бүгінде «Қоғамдық келісім» КММ және достық үйлерінде 17 медиация кабинеті жұмыс істейді, олар халықпен жұмыс істеу үшін 346 диалогтық алаң жұмысын ұйымдастырды, яғни қоғам өмірінің барлық аспектілерін дерлік қамтыды. ҚХА тізілімінде 2152 медиатор бар, оның ішінде, 2050 кәсіби емес медиа­тор, 102 кәсіби медиатор.

Қазіргі таңда 311 000 адамды қамти отырып, 16 мыңнан астам іс-шара өткізілді, 27 мыңнан астам азамат медиация әдістерін қолдану дағдыларына оқытылды. Өткізілетін іс-шаралар бүкіл ел бойынша медиация институтын танымал етуге бағытталған.

 

«Егемен-ақпарат»