Әлем • 10 Тамыз, 2021

Бірлескен мәлімдеме қабылданды

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық Азия мем­ле­кеттері басшылары Кон­суль­­тативтік кез­десуінің қо­ры­­­тын­дысы бойынша Бір­лескен мәлімдеме қабылданды.

Бірлескен мәлімдеме қабылданды

Тараптар Орталық Азиядағы қауіп­сіздік пен тұрақтылықты сақтау мен нығай­тудың маңызды факторларының бірі көр­шілес Ауғанстандағы жағдайды тезі­рек реттеу екенін растады. Олар ауған қоға­мында азаматтық бейбітшілік пен келі­сімге тезірек қол жеткізуге барынша кө­мек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Президенттер өзара сауда құрудың маңызын және аймақтағы сауда рәсім­дерін оңайлату мәселесін тиімді шешу үшін ортақ өзара тиімді тәсілдерді одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Тараптар Орталық Азия өнеркәсіп­шілері мен кәсіпкерлерінің бесжақты кеңе­сін құру қажеттігін айтты. Мемле­кеттер басшылары Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің БҰҰ аясында Аурулар және биоқауіпсіздікті бақылау жөніндегі өңірлік орталықтар желісін құру, сондай-ақ БҰҰ аясында арнайы көп­жақты орган – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіне есеп беретін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасына қолдау білдірді.

Тараптар ғылыми дипломатия арқылы өзара әрекеттестікті жандандыруға, медицина ғалымдары мен білім салалары мамандарының жүйелі байланысы үшін барлық қажетті жағдайды жасауға келісті.

Орталық Азия елдерінің басшылары вирустар мен басқа инфекциялардың шығу сипатын, олар тудыратын аурулардың көріну формаларын, жұқпалы ауруларды емдеу мен алдын алу әдістерін зерттеудің аймақтық механизмін құру мәселесін қарастыруды қажет деп санайды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары сыртқы саяси ведомстволарға 2022-2024 жылдарға арналған өңірлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасы жобасын бекіту жұмыстарын жуық арада аяқтауды, Орталық Азия мем­лекеттері басшыларының келесі Консуль­тативтік кездесуінде XXI ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатында достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қоюды дайындауды тапсырды.