Оқиға 9 тамызда кешке Алматы - Тбилиси бағыты бойынша ұшатын әуе кемесімен болған. Ұшақ 20.30-да ұшып, найзағай түскен болуы мүмкін деген себеппен Алматы әуежайына оралды.
«Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Борт ауыстырылғаннан кейін жолаушылар межелі пунктке сағат 00.40-та ұшып кетті. Ұшақ инспекциясы толық көлемде орындалды, найзағай түспеген болып шықты», деді «Эйр Астана» әуекомпаниясының өкілі.