Министрдің айтуынша, Pfizer вакцинасы Қазақстанға жеткізілгенмен, ол барлығына бірдей салынбайды. Бастапқыда бұл вакцина жүкті әйелдер мен балаларға егіледі.
Сондай-ақ Алексей Цой алдағы аптада ДДСҰ мақұлдаған тағы бір қытай вакцинасы Қазақстанда қолжетімді болатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізуге алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлаған еді.