Аймақтар • 10 Тамыз, 2021

Ақтөбеліктер Олимпиаданың қола жүлдегері Нұрислам Санаевты әуежайдан күтіп алды

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олимпиаданың қола медаль иегері Нұрислам Санаев Ақтөбеге келді. Оны жанкүйерлері әуежайда күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеліктер Олимпиаданың қола жүлдегері Нұрислам Санаевты әуежайдан күтіп алды

Палуан Нұрислам Санаев 57 келі салмақта қола медаль жеңіп алды. Ол кеше Алматыға, бүгін Ақтөбеге келді.

«Алтын» медаль аламын деген үмітпен бардым. Шүкіршілік етемін, қола медаль алдым. Халық сенім артты. Мен оны қайта оралып, Ақтөбеге келгенде анық сезініп тұрмын. Жеңісімді жерлестеріме арнаймын. Алдағы уақытта дайындығымды жалғастырамын. Парижде «алтын» алғым келеді»,деді Нұрислам Санаев.

Ал оның жаттықтырушысы оның салмағы өзгеретінін, 61 немесе 65 келіге ауысатынын хабарлады.

«Нұрислам қарсыластарының бәрін біледі. Шынымды айтсам, психологиялық тұрғыдан қателік жіберді. Ұтып келе жатып, ұтылды. Палуанның дайындығы жақсы болды. Ішкі күші, сенімі жақсы. Жарысқа тыңғылықты дайындалды. Келесі жарыстарға дайындығы туралы әлі де ақылдасамыз. Салмақты қалыпты ұстап тұру қиын. Енді 57 келіде емес, 61 немесе 65 келіге ауысады», деді жаттықтырушы Бауыржан Нұрмаханов.

 

Айта кетейік, оған жеңіл көлік жеңіл көлік сыйға берілді. Ал ақтөбелік кәсіпкер Марат Қойлыбаев 10 миллион теңгенің сертификатын тарту етті.