Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты Чех Республикасының елшісі Бедржих Копецкиді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев чех дипломатының жұмысын оң бағалап, жоғары деңгейдегі кездесулерді табысты өткізуге және парламентаралық үнқатысуды үдетуге қосқан үлесін атап өтті. Қазақстан мен Чехияның екіжақты форматындағы және Қазақстанның Еуроодақ қатынастары форматындағы ынтымақтастығы одан әрі нығаятынына сенім білдірілді.
Сол күні Сенат Төрағасы Болгария Республикасының сенімді уәкілі, елші Иван Димитровпен кездесіп, Қазақстан-Болгария ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Қ.Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалмен танысу үшін Болгария Ұлттық Жиналысының депутаттарына шақыруын жеткізді. Болгар дипломаты бұл ұсынысты Қазақстан мен Болгарияның көптұрпатты ынтымақтастығының «жол картасы» тұрғысында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытудың тамаша мүмкіндігі ретінде қабылдады.