Нұра ауданындағы аса ірі шаруашылықтың бірі – «Қайнар» ЖШС мал азығын дайындау жұмыстарын сәтті аяқтады. Қорасы шөпке толған қожалық артылғанын айналасындағы ауыл тұрғындарына бөліп берген. Бұл шаруашылық биыл 2 800 тонна шөп дайындап, былтырғы көрсеткіштен 400 тоннаға асып түскен екен.

Қазіргі уақытта аудандағы «Жараспай» шаруашылығында шөп шабу, жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бүгінге дейін 330 тонна шөп дайындалған. Шаруашылық басшылары биыл ауыл тұрғындарының жем-шөптен тарылмайтынын айтады. Өйткені агрофирма жыл сайын 13,5 мың гектар алқапта дәнді дақылдар дайындап, оларды төрт бірдей астық қоймасында сақтайды. Техниканың жөндемді болғанына да баса маңыз беріледі: шаруашылықта машина-трактор паркі үнемі жаңартылып отырады.
Жалпы алғанда, биыл Нұра ауданы бойынша 156 мың тонна шөп дайындалған. Ал жоспардағы меже – 200 мың тонна. Ауданда шөп дайындау жұмыстарын 20 тамызға дейін аяқтау жоспарланған.
Шөп шабу науқанына аудандағы «Пржевальское» ЖШС де үлкен дайындықпен келді. Жұмысты ұйымдастыра білудің және дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында шаруашылық 900 тонна шөп дайындады. Егіс даласындағы жағдай да жаман емес.
Егіс демекші, биылғы қуаңшылыққа қарамастан, «Қайнар» ЖШС алқаптарындағы егіннің бітімі жаман емес. Шаруашылық директоры Сейітжапар Нығметов мұның минералды тыңайтқыштарды қолдану мен жоғары өнімді тұқымдарды пайдаланудың арқасында мүмкін болғанын айтады. Осы жылы компания алты астық жинайтын комбайн мен сонша жем-шөп жинайтын дестелегіштер, соқалар сатып алды. Аграршылар егін өткен жылдың деңгейінен төмен болмайды деген үміттің үстінде отыр.
Аудандағы егіннің бітік шығуына Григорий Прокоп жетекшілік ететін «Шахтерское» элиталық тұқым өсіру шаруашылығы сүбелі үлес қосып келеді. Қазіргі уақытта кәсіпорынның күшімен 15 мың тоннаға арналған қосымша сақтау сыйымдылықтарының құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде шаруашылық иелігінде 12 астық және алты картоп қоймасы жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері шаруашылықты дамытуға салынған қаражаттың жалпы сомасы 2 млрд теңгеден асқан. Бұдан бөлек, аграрлық кәсіпорын техника түрлерін де жыл сайын жаңартып отырады. Мысалы, осыдан бір ай бұрын дәнді дақылдарды уақтылы жинау үшін отандық өндірістегі 8 астық жинайтын комбайн сатып алынды.
Жалпы, Нұра ауданы бойынша егін орағына 15 тамызда түсу, ал жаппай егін жинауға 1 қыркүйектен бастап кірісу жоспарланған.
Қарағанды облысы,
Нұра ауданы
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар