17 Қаңтар, 2014

Павлодарда мүгедектерді күштеп қайыр сұратқандар сотталды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1701-ЛоrПавлодар облысында адам саудасымен айналысқан екі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Олар Павлодарда мүгедектерді күштеп қайыр сұратқан. 45 жастағы Зухра Модур қылмыстық топтың басшысы ретінде 3 жылға сотталды. Алайда, оның қолында кәмелетке толмаған бала болғандықтан, жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді. Ал екінші айыпкер шартты түрде 2 жылға сотталды.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыскерлер өткен жылдың мамыр айында 48 жастағы 1-топ мүгедегін Алматыға алып кетпек болған жерінен қолға түседі. Полиция дерегі бойынша, қылмыскерлер өңірлердегі интернаттарға барып, жарымжан азаматтардың туысымыз деп оларды басқа қалаларға әкеткен көрінеді.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Фото: «24 kz».

Соңғы жаңалықтар