«Орталық Сібірдегі циклонға байланысты республиканың шығыс жартысында ауа райы қолайсыз болады. Бұршақ жауады, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты нөсер жауады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
Республиканың батыс бөлігіне Новая Земля аймағындағы антициклон әсер етеді. Бұл жақта ауа температурасы төмендейді.
Республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде ауа температурасы түнде 5-13, күндіз 15-23 дейін суық болады. Оңтүстік бөлігінде түнде 8-18-ге дейін, күндіз 18-34 градусқа дейін, ал батыста түнде 17-27-ге дейін, күндіз 30-ға дейін аздап төмендеу байқалады», деп хабарлады «Қазгидромет».