Оқиға • 11 Тамыз, 2021

Таразда сауда орталығынан 300-ден астам адам эвакуацияланды

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында ірі сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны жөнінде қоңырау шалынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда сауда орталығынан 300-ден астам адам эвакуацияланды

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жедел басқару орталығы кезекші бөлімінің «102» тетігіне белгісіз адамнан Тараз қаласындағы «MART» сауда орталығының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған сауда орталығына келген полиция қызметкерлері 300-ден астам адамды шұғыл эвакуациялады. Ғимаратқа толық тексеру жүргізілді. Жарылғыш зат табылған жоқ. «Қазіргі таңда көрінеу жалған ақпаратты хабарлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», делінген ведомство мәліметінде.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024