Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Қостанай облысында карантин күшейтіледі

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай облысының аумағында COVID-19 жағдайларының күрт өсуіне байланысты карантиндік шектеу іс-шараларын қолдану туралы қаулыға өзгертулер енгізілді. Құжатқа Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Владимир Нечитайло қой қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында карантин күшейтіледі

Қаулыға енгізілген өзгертулерге сәйкес, өңірдегі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, ойын-сауық мекемелерінің (көрмелер, караоке, бильярд, кальян, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг клубтары, батуттар, балалардың ойын алаңдары мен жабық үй-жайлардағы аттракциондар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметі тоқтатылады.

Ал «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар мынадай шарттармен жұмыс істейді: - бильярд, боулинг клубтары, компьютерлік клубтар толымдылығы 30 пайыздан аспайтын, жұмыс режимі сағат 12:00-ден 2:00-ге дейін,

- толтырылуы 50 пайыздан аспайтын,бірақ 30 адамнан аспайтын караоке, сағат 7:00-ден 2:00-ге дейін жұмыс режимі,

- бір адамға 6 шаршы метрден кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген кезде 70 пайыз дан аспайтын толымдылығы бар көрмелер,

- букмекер кеңселері бір адамға кемінде 4 шаршы метр, бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген кезде. Кинотеатрлардың, театрлардың, мәдениет үйлерінің, концерт залдарының, филармониялардың жұмысына тыйым салынады.

«Ashyq» жобасына қатысатын нысандар отырғызу орындары санының 30 пайызнан аспайтын толықтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша екі кресло арқылы отырғызумен жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарының, оның ішінде қала сыртындағы жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының, жазғы алаңдардың қызметіне рұқсат беріледі. Демалыс және мереке күндері қызметті тоқтатылады.

Демалыс және мереке күндері қызметін тоқтата отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, оның ішінде жабық базарлардың жұмысына рұқсат етіледі.

Қаулы 12 тамыз күні сағат 00-00-ден бастап күшіне енеді.