Есіл ауданында орналасқан «Chechil pub» барында жұмыс режимі сақталмаған. Сарыарқа ауданындағы «Шашлыкофф» дәмханасында да карантин бұзылды.
Алматы ауданында карантин шектеулерін бұзғандар тізіміне 5 мекеме енді. Олар: «Сұлтан MIX» кафесі, «Алас» саунасы, «ХЗ» бары, Әлиев көшесіндегі СПА-салон және «Какие люди» бары.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.
«Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауырғандар санының өсуі жалғасуда, күн сайын КВИ жұқтырудың 1200 жаңа жағдайы тіркеледі. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау үшін саннормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтау ұсынылады», деп жазады қала әкімдігі ресми сайты.