Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Оралда есірткіге масайған тұрғын автокөлік айдап кеткен

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда есірткі қабылдаған ер адам 4 миллион теңгенің автокөлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралда есірткіге масайған тұрғын автокөлік айдап кеткен

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға теміржол вокзалы ауданындағы автотұрақта орын алды.

Белгісіз біреу 31 жастағы тұрғынға тиесілі «Тойота Эстима» автокөлігін айдап кеткен. Келтірілген залал 4 миллион теңгені құрады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1982 жылғы Орал қаласының тұрғыны ұсталды. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, ер адам автокөлікті есірткіге елтіген күйінде айдаған. Оған қоса, ол бұрын көлік басқару құқығынан айырылған болып шықты.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігіне (айдап кету) және 346-бабы 1-бөлігіне (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15