Алдағы қыста елімізде көмірді тұтыну көлемі 10 млн тоннадан 7,3 млн тоннаға дейін кемиді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай болжам жасап отыр. Бұған елді мекендерге газ тарту көлемінің ұлғаюы себеп болғалы тұр.

Министрліктің мәліметінше, осы жылдың бірінші жартыжылдығында коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен бұқара халық үшін 3,4 млн тонна көмір тиелген. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 31,3 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 2,9 млн тонна көмір жөнелтілді. 14,5 млн тонна өнім экспортқа шығарылды.
Бүгінде өңірлердің барлығы дерлік 2021-2022 жылғы жылыту маусымында пайдаланатын көмірге деген қажеттіліктерін растап, жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. Көмір сатып алуға тендерлер жарияланып, өңірлік операторлар айқындалған. Тек Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы нақты қанша көлемде көмір керек екенін ұсынбаған.
«Министрлікте облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері өкілдерімен кеңейтілген кеңес ұйымдастырылды. Онда жергілікті билікке халыққа көмір бағасы мен маркаларын, сатылатын жерлер мен онда көмірдің бар-жоғын түсіндіріп, тиісті ақпарат беріп отыру үшін арнайы «жедел желі» құру, көмірдің жеткізілімі мен сапасына қатысты тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылды. Ал көмір бағасы заңсыз өскен жағдайда монополияға қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне жүгіну қажет», деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Деректерге сүйенсек, отандық көмір өндіруші компаниялар 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында 59,7 млн тонна көмір өндірген. Көмірді негізінен төрт өндіруші компания жеткізеді. Олардың нарықтық үлесі жалпы жеткізілімнің 89 пайызына тең. Атап айтқанда, «Шұбаркөл көмірдің» үлесі – 28 пайыз, «Қаражыраның» үлесі – 25 пайыз, «Майкөбен-Весттің» үлесі – 25 пайыз, «Богатырь көмірдің» үлесі – 11 пайыз.
Министрліктің хабарлауынша, көмір энергетикалық кәсіпорындарға разрездердің босату бағасымен жөнелтіледі. Ал коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар мен халық үшін көмірдің негізгі көлемі тауар биржасы арқылы өткізіледі.
«Биыл биржалық комитеттің хаттамасымен коммуналдық-тұрмыстық көмірді тауар биржалары арқылы өткізу жөніндегі секциялық қағидалар бекітілді. Жаңа ережелер нарықтық объективті баға индикаторларын қалыптастыруға арналған. Яғни тұтынушылар үшін тым қымбат емес, ал жеткізушілер үшін тым тиімсіз емес бағаны қалыптастырады. Жаңа қағидалар бойынша өңірлік операторлар облыстың көмір қажеттілігінің 10 пайызын тауар биржасы арқылы тікелей алады. Мақсат – араға делдалдарды қатыстырмау. Көмірдің қалған 90 пайызын өндіруші компаниялар өз талаптарымен өткізе алады. Яғни тікелей келісімшарттар, биржалық сауда арқылы жүзеге асырады. Алайда оның да бағасы монополияға қарсы органның бақылауында болады», деп хабарлады министрлік.
Түркістан облысында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:12
Елордада каратэден Азия чемпионатының үздіктері анықталды
Елорда • Бүгін, 10:02
Каспий жағалауынан 64 итбалықтың өлексесі табылды
Экология • Бүгін, 09:52
Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Павлодарда 1,5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 09:36
Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды
Қоғам • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:17
Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды
Өнер • Бүгін, 09:16
Бақанаста Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Бүгін, 09:15
Бокс • Бүгін, 09:12
Халықаралық турнирлерде топ жарды
Теннис • Бүгін, 09:10
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Спорт • Бүгін, 09:07
Қоғам • Бүгін, 09:05
Қоғам • Бүгін, 09:02
Биыл 550 шақырым темір жол күрделі жөндеуден өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:01
Спорт • Бүгін, 09:00
Тегераннан жақсы жаңалық күтеміз
Спорт • Бүгін, 08:59
Шабуылшы азусыз, қорғаушы қауқарсыз болса...
Хоккей • Бүгін, 08:58
Спорт • Бүгін, 08:57
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:54
Ағаштарға қауіпті бактерияны анықтайды
Ғылым • Бүгін, 08:52
Сүйекті алмастыратын материал жасалды
Ғылым • Бүгін, 08:50
Оңалту орталығының оңтайлы әдістері
Қоғам • Бүгін, 08:49
Білім • Бүгін, 08:47
Тоғыз жолдың торабында тозған вокзал
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Экономика • Бүгін, 08:40
Әлем • Бүгін, 08:39
Халық пікірін айқындайтын ауқымды іс-шара
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Референдум-2022 • Бүгін, 08:28
Референдум-2022 • Бүгін, 08:25
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Әркім өз болашағына таңдау жасайды
Пікір • Бүгін, 08:20
Референдум-2022 • Бүгін, 08:17
Реформа сарапшылар кеңесінде талқыланды
Референдум-2022 • Бүгін, 08:15
Мемлекет басшысы Мәскеуге барды
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар