Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты бас лицензиясынан айырылды. Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүргізген қайта тексерудің нәтижелері осындай болды.

Бұған дейін ЖОО-да тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша комитет қызметкерлері тиісті талапқа сай емес түрлі жағдайларды анықтады. «Ақмешіт» институтына ұйғарым беріліп, оқу орнына барлық сәйкессіздікті жоюға уақыт берілді. Алайда жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсаған.
– Жоғары оқу орындарында тексеру жұмыстарын білім беру сапасы мен кадрлар даярлауды жақсарту үшін жүргізетінімізді түсіну маңызды. Бұл ретте біз ЖОО-ларды лицензиядан бірден айырмаймыз және оларды бірден жаппаймыз. Жоғары оқу орындарына бұзушылықтарды жоюға уақыт берілгенімен, ешқандай әрекет болған жоқ. Осыған байланысты біз кейінірек қатаң шаралар қабылдауға мәжбүрміз. Жоғары оқу орындарының студенттері үшін жағдай жасап, білім беру бағдарламаларының сапасын жақсартуға қол жеткізуі маңызды. Әйтпесе, жосықсыз университеттер сапалы біліммен қамтамасыз етпей, диплом беруді жалғастырады. «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтына келетін болсақ, соңғы тексеру осы жылдың маусым айында жүргізілді. Бұзушылықтар жойылған жоқ. Әңгіме материалдық-техникалық базаның әлсіздігі және оқу процесін ұйымдастырудағы елеулі кемшіліктер туралы болып отыр. Институттағы кейбір пәндерді тиісті білімі мен дә-
режесі жоқ оқытушылар жүргізген. Тіпті оқу процесі мерзімінен бұрын аяқтап, нәтижесінде студенттер білім беру бағдарламаларын толық игере алмаған. Қазіргі таңда институт оқу орнын лицензиядан айыру туралы қабылдаған шешімімізге наразылық білдіруге тырысып жатыр», деді БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Бүгінгі таңда «Ақмешіт» институтының білім беру қызметіне аккредитациясы жоқ. Алайда дипломдардың жарамсыз болғандығына қарамастан, институт оларды Білім және ғылым министрлігінде тіркелген сериялар мен нөмірлерсіз берген.
Сондықтан студенттердің назарына жоғары оқу орындары лицензиядан айырылған болса және ЖОО аккредиттеуден өтпеген жағдайда, білім алушылар гранттарды сақтай отырып әрі игерілген кредиттер мен пәндерді қайта тапсырып, басқа жоғары оқу орындарына ауысуға құқылы екеніне айтқымыз келеді.
Осы жылдың түлектері басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады және олардың оқу нәтижелері ескеріліп, диплом беріледі. Бұл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген.
Талапкерлер мен ата-аналарды жоғары оқу орнын таңдау мәселесіне мұқият болуға шақырамыз. Осы ретте оқу орны ұсынып отырған білімнің сапасын, болашақта жұмысқа орналасудың перспективалары, жоғары оқу орнының беделі мен рейтингтегі орнын ескеру қажет. ЖОО рейтингін министрліктің тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізеді.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар