2021 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 36,4 млрд долларды құрапты. Бұл 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға ілгерілеу бар екенін көрсетеді.

Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, шикізаттық емес тауарлар экспорты 23,4 пайызға өсіп, 7,2 млрд долларға жеткен. Сондай-ақ металлургия (+27,5 пайыз), құрылыс индустриясы (+25,8 пайыз), фармацевтика (+18,4 пайыз), химиялық өнеркәсіп (+4,6 пайыз) саласында да елеулі өсім байқалады.
Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің өңделген өнімдерінің экспорты 2020 жылмен салыстырғанда 10,8 пайызға дейін ұлғайған. Сөйтіп 545,8 млн долларды құраған. Сондай-ақ бұл дерек агроөнеркәсіп кешені экспортының 33 пайызын еншілейді. Экспорттық құрылымда ұн, макарон, өсімдік майы, ет және сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, мақта өнімдерінің үлесі басым.
Қазіргі таңда шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер мөлшерін арттыра түсу үшін экспорттаушыларға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Олардың қатарына – жеңілдетілген несиелеу мен сақтандыруды, экспорттаушылар шығынының бір бөлігін өтеу, экспорттық акселерация, электронды платформаларға шығару шараларын жатқызуға болады. Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда өткен Орталық Азия Мемлекеттер басшыларының кездесуінде «Қазақстанның Орта Азия елдеріне шығаратын экспорттық тауарларының құнын 1 млрд долларға дейін жеткіземіз», деген болатын. Президенттің айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстанның Орта Азия елдерімен сыртқы сауда айналымы бір жарым есе өсіп, 4,6 млрд долларға жеткен.
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, өңірлік сауданы бірлесе жүзеге асыру бірлескен тың жобалардың дүниеге келуіне себепші болады.
– Мысалы, көлік дәліздерінің бірлескен идеялары іске асырылуда. Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша қабылданған екіжақты жол карталары қарқынды түрде іске асырылуда. Бұған Қазақстан мен Өзбекстан автоөнеркәсібінің ресейлік әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл кезіндегі ынтымақтастығы жақсы мысал болады. Бұл – экономикалық өзара іс-қимылдың мүлдем басқа деңгейі. Ынтымақтастық деңгейін тереңдетуге көмектесуге арналған біздің басқа ұсынысымыз – үшінші елдердің нарығына шығарыла отырып, «Орталық Азияда жасалған» бірыңғай брендімен бірлескен өнімдер шығаратын трансшекаралық сауда орталықтарын бірлесіп құру мен дамыту, – дейді министр.
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар