2020 жылдың желтоқсан айында Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны жүгінді. Әйел «Манимен» МҚҰ-да интернет-ресурс арқылы белгісіз адам оның атына 65 мың теңге сомаға онлайн-қарыз ресімдегенін хабарлады. Аталған іс бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұрын ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотталған, «интернет-алаяқ» санаты бойынша есепте тұрған 40 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының аумағында ағымдағы жылдың 9-15 тамыз аралығында ақпараттық технологияларды, оның ішінде, интернет-алаяқтықтарды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған «Anti-fraud» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.