Act Accelerator COVID-19-бен күресу құралдарына қол жетімділікті жеделдету бастамасының жетекшісі Брюс Эйлвард коронавирусқа қарсы вакциналарға қолжетімділіктің теңсіздігін «ұят» деп атап, саяси көшбасшылар мен бизнес-магнаттарды кедей елдерді вакцинамен қамтуға шақырды.
Атап айтқанда, ол әлемнің ең ықпалды 20 көшбасшысын қыркүйек айының соңына дейін теңсіздік мәселесін шешіп, әлемнің әр еліндегі халықтың 10 пайызын вакцинациялауға шақырды.
AFP бағалауы бойынша, бүкіл әлемде шамамен 4,5 миллиард вакцина дозасы қолданылған. Халықаралық банктің мәліметтеріне сәйкес, кірісі жоғары елдерде 100 адамға шаққандағы доза саны 104-ті құрайды, ал кірісі төмен 29 елде 100 адамға екі дозадан келеді.