«Формалды тұрғыдан алсақ, шенеунікті жаңа қызметке тағайындау бойынша ешқандай проблема болмаған шығар. Бәрі заң нұсқаған жолмен істелген де болуы керек. Бірақ мемлекеттік қызмет құрғақ заңға ғана негізделмейді. Сонымен қатар этика, қоғамға қызмет ету де оның міндетіне кіреді. .
Егер қателеспесем, Қазақстанда 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар. Оның бәрін Президент қызметтен босатып жатқан жоқ қой, оған келісетін шығарсыз. Бұл ерекше жағдай», деп түсіндірді Дәурен Абаев.
Оның пайымынша, Президент қабылдаған бұл шешімнің ресми жағынан бөлек, символдық мәні бар.
«Бұл – билік пен қоғамның өрескел істер бойынша ынтымақтаста бола алатынының көрінісі. Мұны әрбір әкім, әрбір министр түсінуі тиіс. Бұл жұмыстан босатылған шенеунік жаман басқарма бастығы болар еді деген сөз емес. Жоқ. Бұл жерде биліктің беделі, билік пен қоғамдық сенім туралы айтылып отырса керек. Сенім болмаса, биліктің жұмысы да мүмкін емес. Мемлекеттік аппараттың мұны естуі маңызды деп ойлаймын», деп атап өтті Дәурен Абаев.