Оқиға • 12 Тамыз, 2021

Ақмола облысында ірі көлемде алаяқтық жасаған әйел іздестірілуде

908 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола полициясы ірі көлемде алаяқтық қылмыс жасаған әйелді іздеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында ірі көлемде алаяқтық жасаған әйел іздестірілуде
Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 06.05.1976 жылғы Айсұлу Сәбитқызы Сексембаева Солтүстік Қазақстан облысы Есперлі ауылының тумасы.

Бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі толықша келген, бет әлпеті ақшыл, сопақ, көздері үлкен, жасыл түсті, тік мұрынды, шашы қара, иығына түскен.

«Айсұлу Сәбитқызы Сексембаева ірі көлімдегі алаяқтық қылмыс жасағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлімі бойынша) іздестірілуде. Бұлтарпау «қамауда ұстау» шарасы таңдалып отыр», деді ведомстводан.

Осы ретте, полиция қызметкерлері іздеуде жүрген қылмыскер бойынша қандай да бір ақпарат болған жағдайда 8(7162)29-10-09, 29-11-14, 87071198719, 87761106565, немесе 102 телефон нөміріне хабарласуды сұрайды.