Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сілтеме жасап жазды.
Халық санағы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған 2020 жылғы халық санағы мен тұрғын үй қорының Дүниежүзілік раунды аясында жүзеге асырылады. 2021 жылы халық санағы әлемнің 61 елінде өтеді.
Алдағы халық санағының құндылығы оның Қазақстан Республикасының халқы бойынша демографиялық ахуалды біліп қана қоймай, әлеуметтік саланың көптеген аспектілері бойынша ахуалды болжауға мүмкіндік береді.
Халық санағы елдің ұлттық статистикалық жүйесінің құрамдас және ажырамас бөлігі, халық және оның тұрғын үй жағдайлары туралы деректердің негізгі көзі болып саналады. Халық санағының қорытындылары елде орын алған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді айқындайды.
Халық санағы барысында алынған статистикалық деректер барлық деңгейдегі бюджеттердің барынша объективті қалыптасуына негіз болмақ. Экономика мен бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және дамыту үшін құрылыс пен тұрғын үйді бөлу, демографиялық және көші-қон процестері, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала және жұмыс орындарын құру бойынша бағдарламаларды дамытуға жәрдемдесетін халық санағының ақпараттық деректері қажет.
Ұлттық халық санағына қатысатын әрбір азамат мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлау және әзірлеуге ауқымды және құнды үлесін қосады.