Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

Павлодар облысында суға кеткен адамның денесі табылды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарское ауылының маңында Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында суға кеткен адамның денесі табылды

«12 тамызда сағат 13-41-де Павлодарское ауылында Ертіс өзенінің сағасынан ер адамның денесі табылып, жедел атқару жасағының күшімен судан шығарылды», деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.

Еске сала кетсек, Павлодар облысында демалыс күндері үш адам суға батып кеткен. Қайғылы оқиғалар шомылуға арналмаған жерлерде орын алды. 8 тамыз күні сағат 17:20-да Шаукен ауылының маңындағы сорғы станциясының жанында шомылған Ефремовка ауылының 30 жастағы тұрғыны суға батып кеткен.

Тағы бір қайғылы жағдай Май ауданында орын алды. Мұнда 7 тамыз күні Белая өзенінде Баскөл ауылында 44 жастағы Ақсу тұрғыны суға батты.

Сол күні Шарбақты ауданында Шалдай ауылының жанындағы жасанды су қоймасында 42 жастағы ауыл тұрғыны ажал құшты.