Қазақстандық теннисші Зарина Диас Австралия ашық чемпионатында тағы да жеңіске жетіп, келесі кезеңге шықты.
Екінші кезеңде ол әлемнің 150-ракеткасы, жаңазеландиялық теннисші Марина Эраковичпен кездесіп, қарсыласын 6:4, 6:0 есебімен ұтты. Енді келесі ойынын Зарина румын Симона Халеппен өткізеді.
Ал қазақстандық тағы бір теннисші Галина Воскобоева екінші кезеңнен өте алмады. Ол әлемнің 16-ракеткасы, испан Карла Суарес-Наварродан 6:7, 6:3, 6:8 есебімен жеңіліп қалды. Бұған дейін жарыстан Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева шығып қалған еді. Содан кейін олардың жолын ерлер арасынан Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесов те қайталады. Олардың бәрі алғашқы кезеңнен әрі аса алмады.

«Барыстың» бабы жаман емес
Құрлықтық хоккей лигасының «Шығыс» конференциясында Астананың «Барыс» командасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты.
Плей-офф кезеңіне «Батыс» және «Шығыс» конференциясында алғашқы сегіз орынды алған командалар ғана шыға алады. Астаналықтар 9-орында тұрған Владивостоктың «Адмирал» командасы Чехияның «Лев» клубынан ұтылғаннан кейін, уақытынан бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды. Өйткені, қалған ойындарында қандай жағдай болмасын «Барыс» сегіздіктің қатарында қала береді. Қазір «Шығыс» конференциясында екінші орында келе жатқан «Барыста» 45 ойыннан кейін 88 ұпай бар.

Бесінші орыннан көрінді
АҚШ-тың Лэйк Плэсид қаласында фристайлдан өткен Әлем кубогының кезеңінде могул жарысы бойынша сынға түскен қазақстандық спортшы Юлия Галышева бесінші орынды иеленді.
Әлем кубогы кезеңінің жалпы есебінде Галышева 180 ұпаймен алтыншы орынға шықса, тағы бір қазақстандық спортшы Дарья Рыбалова 40 ұпаймен 25-орында тұр.
Естеріңізге сала кетсек, Юлия Галышева Сочи Олимпиадасына алғашқылардың бірі болып лицензия алған спортшымыз.
Жеңімпаздар анықталды
Жақында Астанада теннистен өткен Қазақстанның қысқы чемпионаты аяқталды.
Бұл сында ерлер арасында Денис Евсеев чемпион атанса, әйелдер арасында бас жүлдені Екатерина Клюева жеңіп алды. Д.Евсеев финалда Тимур Хабибуллинмен кездесіп, оны 6:1 және 6:3 есебімен ұтты. Финалға дейін ол Илья Павленко, Қасымбек Ақжарқыновты жеңсе, ширек финалда Сағадат Аяпты, жартылай финалда Қайсар Бекімовті ұтты. Ал Е.Клюева болса, екі сағатқа созылған финалдық айқаста Александра Гринчишинадан 5:7, 6:1, 6:3 есебімен басым түсті. Ол да финалға дейін бірнеше қарсыласынан жақсы өнер көрсетті. Мысалы, чемпионаттың алғашқы күні Ғайни Ыбырашевадан, екінші күні Дина Жәмиевадан, ширек финалда Жібек Құламбаевадан, ал жартылай финалда Анастасия Епишевадан айласын асырды.
Ерлер арасында жұптық кездесуде Тимур Хабибуллин мен Дмитрий Попко чемпион атанды. Олар финалда Алексей Кедрюк пен Денис Евсеевті 6:2, 3:6, 11:9 есебімен тізе бүктірді. Әйелдер арасындағы жұптық сайыста Екатерина Клюева мен Александра Гринчишина бас жүлдені иеленді. Бұл жұп соңғы кездесуде Анастасия Епишева мен Екатерина Губанованы 7:5, 5:0 есебімен жеңді. Соңғы рет қарсыластарының кортқа шықпауына байланысты ойналмады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».