Қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді және кәсіби тұрғыдан үздік, техникалық жағынан деңгейі жоғары жедел медициналық жәрдем қызметтерін ұсыну жұмысы облыста жақсы жолға қойылған. Өткен жылы облыста бұл қызмет түрінің 5 бөлімшесі ашылды. Атап айтсақ, олар – Тараз қаласының «Бәйтерек» шағын ауданында және Мойынқұм, Байзақ, Жамбыл және Қордай аудандарында іске кірісті. Медициналық қызметтің бұл түріне халықтың да сенімі нығайып, тұрғындардың арыз-шағымдары да азая түскен.

Жақында қалалық жедел және шұғыл медициналық көмек бекетіне жаңа 6 реанимобиль мен 2 желілік көлік берілді. Ал аудандарға осындай 2 жедел жәрдем жөнелтілді. Облыс бойынша жалпы 93 санитарлық көлік бар. Олардың барлығы алғашқы көмек көрсетуге қажетті медициналық құрылғылармен, радиодыбыстармен толық жабдықталған.
– Науқастарға қарай кез келген уақытта құстай ұшуға сақадай-сай тұратын көліктердің жөні бөлек. Ал жаңа көлік халыққа медициналық қызмет көрсету сапасының жақсаруына қашанда оң ықпал етеді. Біз бағдарлама бойынша жиырмадан астам реанимобиль алуға тиіспіз. Сондықтан, енді 14 жедел жәрдем көлігін күтіп отырмыз, – дейді қалалық жедел жәрдем қызметі бекетінің бас дәрігері Венера Балқыбекова.
Медициналық көмектің жоғары стандарттарына сәйкес және тұрғындардың сұранысын қамтамасыз ететін, ауруханаға дейінгі көмек көрсетудің тиімді жүйесін құруды мақсат тұтқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен, сондай-ақ, көліктермен қамтамасыз етуді алдағы уақыттарда да осылай жағымды жаңалықтармен жалғастыра беретін болады.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
ТАРАЗ.