Жаңа патогендердің пайда болуы жөніндегі жаңа халықаралық ғылыми консультативтік топ (SAGO) ДДСҰ-ға болашақта жаңа қоздырғыштар мен вирустардың пайда болуын жүйелі зерттеудің жаһандық негізін әзірлеу бойынша кеңес беруге жауапты.
Бұл топ коронавирусқа әр түрлі зерттеулер жүргізуді қолдайды.
«SAGO-ға кандидаттарды қабылдауда ашық конкурс жариялай отырып, ДДСҰ жаңа ғылыми-консультативтік топ үшін ашық негіз жасайды, оның жұмысына барлық мүше мемлекет қатысады деп үміттенеміз», делінген ДДСҰ хабарламасында.
Сондай-ақ, ДДСҰ барлық ел үкіметін коронавирустың айналасындағы жағдайды деполитизациялауға және осы вирустың пайда болуын анықтау үшін ынтымақтастыққа шақырды.
Бұған дейін Қытай ДДСҰ ұсынған COVID-19 шығу тегі туралы тергеудің екінші кезеңіне қатысудан бас тартқан болатын. Бейжің ұйымы тергеу жоспарының тұжырымдарын «ақылға қонымсыз, ғылымға қарсы» деп санайды.
Еске салайық, ұзақ келіссөздерден кейін ДДСҰ-ның он ғалымынан тұратын командасы Уханда 2021 жылдың қаңтарында жеке тергеу жүргізді. Ұйым коронавирустың зертханадан тарауы мүмкін емес екенін, бірақ әлі де тексеріс жүретінін айтқан. Мамырдың соңында Джо Байден америкалық ғалымдарға COVID-19 шығуын зерттеуге екі есе көп күш салуға шақырды. Осы уақытта Ухан вирусология институты вирус қолдан жасанды түрде жасалмағанын айтты. Сондай-ақ олар академиялық қоғамдастықтың ішінде коронавирустың табиғи шығу тегі туралы консенсус бар деп сендірді.