Әлем • 14 Тамыз, 2021

Қырғызстанда интернет сауда иелеріне салық салу ұсынылды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның экономика және қаржы министрі Акылбек Жапаровтың айтуынша, бұл салада жұмыс істейтіндердің саны 55 мың шамасында, деп жазады Egemen.kz Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанда интернет сауда иелеріне салық салу ұсынылды

«Бұлардың ішінен салық қызметінің тіркеуінде 11 мың кәсіпкер болса, салықты бар болғаны 7-8 мың адам ғана төлейді», деді Жапаров.

12 тамызда экономикадағы төтенше жағдай бойынша заң жобасы талқыланған. Бұл заң жобасы Жогорку Кеңеште үш оқылымда қабылданған.

10 тамызда Қырғызстандағы 70-тен астам бизнес-ассоциацияның басын біріктіретін ұйым президент Садыр Жапаровқа ашық хат жазып, бұл заң жобасына қол қоймауға шақырды.