Қоғам • 15 Тамыз, 2021

Павлодарда төрт автокөлік жол апатына түсті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол-көлік оқиғасы Чокин-Назарбаев көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда төрт автокөлік жол апатына түсті

Бірінші Toyota мен Volkswagen соқтығысқан, кейін оларға Mercedes пен LADA соғылған.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісі Назарбаев көшесімен өтіп бара жатқан Volkswagen-ді қағып кеткен. Соқтығысудан неміс көлігіндегі жолаушы жараланды. Осы сәтте жолдан өтіп бара жатқан Mercedes жол апатынан қашып, Назарбаев көшесіне бұрылған LADA жүргізушісіне соғылған. 

Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция келді.