Әлем • 15 Тамыз, 2021

Израильде 50 жастан асқандар вакцинаның үшінші дозасын алады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израиль 50 жастан асқан адамдарға COVID-19 вакцинасының үшінші дозасын бере бастаған бірінші ел болады. Бұл туралы The Times of Israel хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Израильде 50 жастан асқандар вакцинаның үшінші дозасын алады

Өткен айда Израиль 60 жастан асқан адамдарға COVID-19 вакцинасының үшінші дозасын бере бастаған әлемдегі бірінші ел болды. Енді Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың үкіметтік консультативтік тобы вакцинаның үшінші дозасын алушылар жасын 50 жасқа дейін төмендетуді ұсынды.

Бір күн бұрын премьер-министр Нафтали Бенет бұл ұсынысты құптады және оны «Израиль азаматтарының денсаулығы үшін дұрыс шешім және дельта пандемиясымен күрестегі маңызды қадам», деп атады.

Беннет вакцина салдыру орталықтары шабат діни рәсіміне қарамастан, тәулік бойы, аптасына жеті күн жұмыс істейтінін айтты. Бұл вакцинация қарқынын тоқтатпау үшін қажет.

Айта кетейік, Израильде пандемия басталғалы бері 924 мыңнан астам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 6,6 мыңға жуық адам көз жұмған. Ел халқының 60%-ға жуығы вакцинаның екі дозасын да алды.