18 Қаңтар, 2014

Қазақстан қаржы полициясы 500-ден аса қылмысты ашты

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 01-funansЭкономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы Рашид Түсіпбековтің жетекшілігімен қауіпті салалар мен обьектілерді нақтылап алуға мүмкіндік беретін ахуалдық орталықтың жұмысын жетілдіру туралы жиын өткізілді. Бұл туралы аталмыш агенттіктің ресми сайты хабарлады.

Р. Түсіпбеков сөз орайында өткен жылы ахуалдық орталық мәліметтері негізінде 500 қылмыстық іс қозғалып, 3,5 млрд. теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың жолы кесілгенін атап өтті.   Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарасы ретінде мемлекеттік органдарға және тәртіптік кеңестерге 470 ұсыныс жіберіліпті.
Ұсыныстарды қарау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық әрекеттер жасағаны үшін 349 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның 147-сі жұмыстан шығарылған.     

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

Фото: Finpol. Gov.kz.

Соңғы жаңалықтар

Шұбартаулықтарды шулатқан жол

Аймақтар • Бүгін, 14:15