Алматы қаласында Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру – қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу және полицияның сервистік моделін енгізу жөніндегі жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған құқық қорғау саласындағы міндеттердің іске асырылу барысымен танысты. Ол қылмыстық процесті жаңғырту жөніндегі қанатқақты жобаның бүкіл елге масштабталғанын атап өтті. Бұл сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізілген тиісті түзетулер арқылы бекітілген. Осы орайда бұл жұмыстың жергілікті жерлерде қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанын түсіну маңызды.
Алматыда қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу қалай өтіп жатқаны туралы қала прокурорының міндетін атқарушы Назарбай Ибраймолдаев айтып берді.
«2021 жылы Алматы полициясы қылмыстық істер бойынша 30 225 процестік шешім қабылдады, оның 24 708-і прокурормен келісіліп, бекітілді. Яғни «прокурорлық сүзгі» азаматтардың құқықтарын бұзу 38%-ға азайтуға мүмкіндік берді», деді Н.Ибраймолдаев.
Кеңес аясында Әсет Исекешевке қылмыстық істерді жүргізудің жаңа форматы, қызметкерлердің жұмыс орындарын жабдықтау және өңделетін деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері көрсетілді.
«Қазір Полиция департаментінде қылмыстық істерді электронды форматта жүргізу үшін 375 жұмыс орны жабдықталған. Е-форматты қолдану полицейлердің жұмысын ашық етеді, ал деректерді қорғау бойынша пайдаланылатын технологиялар қылмыстық істе құжаттардың бұрмалануына және ауыстырылуына жол бермейді», деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Электронды формат қабылданатын шешімдерді келісу процесін жеңілдетуге және жылдамдатуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және тергеу сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Алматының жол қауіпсіздігін бақылау жүйесінің жұмысымен танысты. Жүйе Алматы ПД жедел басқару орталығына шоғырландырылған
2 мыңнан астам бейнекамерадан тұрады.
Мәселені талқылау барысында Әсет Исекешев полицияның сервистік моделін қанатқақты режімде енгізу процесі еліміздің үш өңірінде жүзеге асырылып жатқанын айтты. Оның айтуынша, Алматы еліміздің ең ірі қаласы болғандықтан, мұнда қанатқақты жобаны іске асыруға жауапкершілікпен қарау маңызды.
«Құқық бұзушылықтың алдын алудың қазіргі заманғы жүйесін құру тәсілдері мен полицияның сервистік моделін ел Президенті жанындағы Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жөніндегі комиссия мақұлдады.
Сондықтан сіздер полицияның сервистік үлгісі жұмысының негізгі қағидаттарын, ондағы әкімдіктің, басқа да мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың рөлін түсінулеріңіз қажет.
Сіздер қанатқақты аумақтың, кейін мемлекет пен қоғамның әріптестігіне негізделген қаланың қауіпсіздік жүйесінің визит карточкасы болып табылатын Алматы қаласының бүкіл
аумағында жинақталған тәжірибені тарату үшін базалық аудан болатынын түсінулеріңіз қажет.
Бұл ретте қазірдің өзінде ең криминогенді аудандардағы қылмыстың нақты көрінісін қалыптастыру және бүкіл қала бойынша шаралар кешенін анықтау үшін сарапшылармен, құқық қорғау органдарының ардагерлерімен, жобалық кеңсе аясында сарапшылармен жұмысты күшейту керек. Қажет болған жерлерде бейнекамералар қою, учаскелік пункттер санын арттыру, патрульдеуді күшейту, жарықтандыруды жақсарту шараларын қолданған жөн», деп атап өтті Ә.Исекешев. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы құқықтық тәртіп деңгейін одан әрі арттыру бойынша сапалы жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.
Кеңеске Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди және Алматы қаласының құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Бүгін, 17:10
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Бүгін, 17:01
Солтүстік өңірлерде күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров сарбаздармен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Колумбияның оңтүстік-батысында 300 адам үйлерін тастап кетті
Әлем • Бүгін, 16:30
Елордада 5 мыңға жуық үй газға қосылды
Елорда • Бүгін, 16:22
Әйелін ұрып өлтірген ер адам 17 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:15
Елордада табысы аз отбасыларға әлеуметтік карта беріледі
Елорда • Бүгін, 16:02
Қаржы • Бүгін, 15:56
Нұр-Сұлтанда балаларға арналған жәрмеңке ашылды
Елорда • Бүгін, 15:43
БҚО мектептерінде 210 мұғалім жетіспейді
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Оқиға • Бүгін, 15:25
Алматының Түрксіб ауданында 13 ескі үй сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 15:17
Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Мерей Базарбаев Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Күрес • Бүгін, 14:52
Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:39
Түркістанда танысын жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Алматыда 1560 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
«Анталия-Ташкент» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында төбелесті
Оқиға • Бүгін, 14:12
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:01
Президент Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:55
Қазақстандық зілтеміршілер Ислам ойындарында 10 медаль иеленді
Ауыр атлетика • Бүгін, 13:38
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Ұқсас жаңалықтар