18 Қаңтар, 2014

Ақтөбедегі зауыт басшылығы жұмысшы өлімін жасырмақ болды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 01-ZavodАқтөбе облысындағы ферро қорытпа зауытының басшылары қызмет барысында жан тапсырған жұмысшы өлімін жасырмақ болды. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.

Ферро қорытпа зауытында машинистің көмекшісі болып істеген Сұлтан Аймұратов осыдан бір ай бұрын кен тиелген қос вагонның арасында жаншылып қайтыс болған. Жалғыз ұлын жер қойнына берген отбасына кәсіпорыннан келген хабар бастарына жай түсіргендей әсер етті. Өндіріс орнында өлім құшқан Сұлтанды ондағылар «өзіне қол салды» деп істі жылы жауып тастауға әрекеттенген.

Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім бастығы Жолмұрат Жұбаназаровтың айтуынша, аталған зауытта еңбек кодексінде көрсетілген заң талабы сақталмаған. Сондықтан жұмысшы өліміне зауыттағы жауапты тұлғалардың тікелей кінәсі бар екені дәлелденіп, ол бойынша толтырылған құжат ішкі істер департаментіне жолданған.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: Gazeta.kz

Фото: Inform.kz.

Соңғы жаңалықтар

Шұбартаулықтарды шулатқан жол

Аймақтар • Бүгін, 14:15