Қоғам • 16 Тамыз, 2021

Әскери полицияның сенім сайты іске қосылды

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы азаматтардан армиядағы құқық бұзушылықтар туралы ақпарат қабылдау үшін мобильді қосымшасы бар askeri-senim.kz сайтын әзірледі.

Әскери полицияның сенім сайты іске қосылды

Пайдаланушылар әскери полиция органдарына электронды форматта орны мен уақытына, тергеу жүргізілуіне, сондай-ақ хабарланатын мәліметтердің толықтығына қарамастан, жасалған немесе жасауға әрекеттеніп жатқан кез келген құқық бұзушылық туралы тікелей хабарламаларды жолдай алады. Сайтта мобильді қосымша барлық Android және IOS құрылғыларына орнатылып, қоса жұмыс істейді. Қосымшаны askeri-senim.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Әскери полиция бас басқармасы мәлімдегендей, «Әскери сенім» жобасы армиядағы құқық бұзушылық, хабарламаларды қабылдау, есепке алу және бақылау процесін автоматтандыру, құқық бұзушылықты жасау фактілеріне ден қою сапасы мен жеделдігін арттыру және олардан сақтандыру туралы жаңа ақпарат көздерін енгізу мақсатында әзірленді.

Пайдаланушы жеке кабинетте тағайындалған жауапты лауазымды адаммен жасырын хат алмасу, мәртебесі мен жауаптарды қадағалай алады. Өтініш мәртебесінің өзгергені, жауапты лауазымды адамның тағайындалғаны және оның жауаптары туралы өзекті деректер электронды поштаға келіп түседі. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жеке кабинетте диалогтарды іздеуге және реттеуге болады.

 

«Егемен-ақпарат»