18 Қаңтар, 2014

Astana Arlans Бакуде Baku Fires-ке есе жіберді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-01-14-box-seria-1

Бүгін, 18 қаңтар күні Бакуде Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) 6-турында жергілікті Baku Fires командасымен кездескен Қазақстанның Astana Arlans клубы 1:4 есебімен ұтылып қалды. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Кездесуде еліміздің өз жігіттері түгел жеңіліске ұшырады. Ал жалғыз жеңісті командадағы бірден-бір легионер, ирандық Рузбахани әкелді. Онда да ол ұрысты нокаутпен аяқтады. Алаңға бірінші болып шыққан серияның дебютанты 52 килоға дейінгі салмақтағы Ілияс Сүлейменов әзербайжан Эльвин Мамишзадемен кескілескен шайқаста 1:2 (48:47, 47:48, 46:49) есебімен есе жіберді. 60 килодағы Самат Бәшенов өз кезегінде жақында ғана Ресейден барған Альберт Селимовтен 0:3 (45:50, 45:50, 46:49) болып тізе бүкті. Бұдан соң кездесудің тағдыры да шешілді. Атап айтқанда, 69 килоға дейінгі салмақтағы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов Әзербайжан командасының белорус легионері  Евгений Ромашкевичпен тең жекпе-жекте аттан ауып түсті. Есеп - 1:2 (47:48, 48:47, 46:49). Осымен алаң иелері есепті 3:0-ге жеткізді. Сосын қазақстандықтарға біірнші жеңіс келді. Оны 81 килоға дейінгі салмақтағы парсы Эхсан Рузбахани жасады. Астаналықтың жұдырығынан дағыстандық Самир Магомедов  тұра алмай қалды. Ал соңынан 91 килодан жоғары салмақтағы Руслан Мырсатаев дағыстандық легионер Хаджи Муртузалиевтен 0:3 (46:49, 46:49, 46:49) есебімен жеңілді.   Astana Arlans келесі матчын 1 ақпан күні өткізеді. Біздің жігіттер өз алаңында ресейліктермен, яғни Russian Boxing Team командасымен жұдырықтасады. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: ras.kz.
Соңғы жаңалықтар