Оқиға • 16 Тамыз, 2021

Семейде жол апатынан бір жасар бала көз жұмды

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде екі көлік соқтығысып, бір жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде жол апатынан бір жасар бала көз жұмды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 тамызда сағат 11:00 шамасында, 67 жастағы «LADA VESTA» көлігінің жүргізушісі Дастенов көшесінен Жангелдин көшесіне шығаберісте, басты жолда жүріп келе жатқан «RENAULT» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасында «LADA VESTA» көлігінің жолаушысы, 2020 жылы дүниеге келген бала алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі және тағы екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде. Бірқатар сарапатамалар тағайындалды.