Оның айтуынша, бүгін, 16 тамызда өңірдегі фармацевтикалық қоймаға жеткізілген Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы 10 мың дозаны құрайды. Вакцинаның 5 мың дозасы I компонентке, 5 мың дозасы II компонентке арналған.
«Қазір Қытай вакцинасын аймақтағы егу бекеттеріне бөлу жүріп жатыр. Vero Cell вакцинасын 17 тамыздан бастап салдыруға болады. Вакцинаның екі компоненті арасындағы интерваль 21-28 күнді құрайды» дейді Асхан Байдуәлиев.
Қытайлық Vero Cell вакцинасын Атыраудағы №1,2,3,4,5,7-қалалық және Геолог емханасында, сондай-ақ 7 аудандық орталық ауруханада алуға болады.